Меню KDT
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
background_img.png?_=1718086884

Архив туралы


 «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі (DOCX 30 Kb)

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТIК АРХИВІ

Өлкемізде арив істерінің қалыптасу тарихы 1928 жылдан бастау алады. Бүкіл Одақтық Орталық Атқару Комитетінің (БОАК) 1928 жылы 6 мамырдағы қаулысымен Батыс Қазақстан облысы құрамында Гурьев округі құрылды.

Жаңадан құрылған округ аймағы 85745 кв.км тұрғындар саны 177 607 жетіп, Гурьев қаласы орталығы болды. Жаңа құрылған округ құрамына алты аудан енді. Олар Жаманқала (Махамбет), Есбол (Индер), Доссор, Жилокоса, Қызылқоға, Теңіз (Құрманғазы) аудандары еді.

Алғашқы округтік мұрағат бюросы Гурьев округтік халыққа білім беру бөлімі жанынан ашылды.

Мекемелердің құжаттық материалдарды жинақтап және оларды сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мұрағаттық бюроның штатында екі ақ қызметкер: меңгеруші және мұрағатшы қызмет жасады.

Кеңес өкіметінің жүйесіндегі өзгерістер республика көлемінде әкімшілік аумақтық құрылымдарға да әсерін тигізді. 1930 жылдың 23 шілдесіндегі қаулысымен Бүкіл Одақтық Орталық Атқару комитеті округтерді жоюына байланысты Гурьев округі таратылып, аудандық құрылымдар енгізілді. 1930 жылдың тамызында округ жойылып, аудандық құрылымдардың енуіне байланысты республиканың орталыққа бағынған қалалық мұрағат негізінде округтік мұрағат бөлімшесі болып қайта құрылды. Батыс Қазақстан мұрағаты қорының, округ жойылғанға дейінгі жиналған құжаттар қайтарылып берілді .

Осыған байланысты республиканың орталыққа бағындырылған Гурьев (Атырау) қалалық мұрағатының негізінде округтік мұрағат бөлімшесі ретінде қайта құрылды. В.Л.Наревский 1934 жылдың 27 маусымында округтік атқару комитетінің шешімімен округтік мұрағат бюросының меңгерушісі болып тағайындалды.

1934 жылы 21 қазанда әскер қатарына шақырылуына байланысты В.Л.Наревский орнынан босатылып, орнына атқару комитетінің шешімімен, бұрынғы атқару комитетінің инспекторы Матай Беркенов тағайындалды. Осы уақытта мұрағат қорында 26 қор сақтық бірлігінде 810 істер болған.

1934-1938 жылдары жұмысшы, шаруа, Қызыл Әскер депутаттары кеңесі атқару комитеті жанындағы Гурьев округтік мұрағаты бюросы мәртебесінде жұмыс жасаған. Мұрағат бюросында 3 қызметкер жұмыс жасады.

1938 жылы ақпан айының 4 күні Гурьев облысының құрылуына байланысты Округтік мұрағат бөлімшесі Мұрағат басқармасы деп өзгертілді.

1938 жылы 7 мамырда Қазақ КСР-нің Халық Комиссарлар Кеңесінің Қазақ КСР аудандық мұрағаттар құру туралы № 435 қаулысына сәйкес облыста Бақсай, Теңіз, Жылыой, Есбол, Мақат, Маңғыстау аудандық мұрағаттары құрылды .

1938 жылы төмендегі аудандардағы сақталған қорлардағы бірліктер саны төмендегідей болды:

1. Теңіз ауданында 2551 сақтау бірлігі;

2. Мақат ауданында 316 сақтау бірлігі;

3. Есбол ауданында 546 сақтау бірлігі;

4. Бақсай ауданында 157 сақтау бірлігі.

Осы аталған 4 аудандық мұрағатта 14 қор болған. Облыс құрылған соң, 1938 жылдың 12 ақпанында Батыс Қазақстан облысынан аумақ белгісіне байланысты берілген құжаттардың және округтік мұрағаттың негізінде Гурьев облысының мемлекеттік мұрағаты құрылды.

Алғашқы облыстық мемлекеттік мұрағат құрылған кезде облыстың және округтік атқару комитетінің басшылық құжаттары, мекемелердің жұмыс жөніндегі есептері, отырыстар хаттамалары, аудандастыру, санақ жұмыстарының құжаттары, ашаршылыққа ұшырағандарға, кедейлерге, қызыл әскер жанұяларына көмектесу, сайлау жұмыстарының құжаттары, уездік, округтік, денсаулық сақтау, еңбек бөлімі мен білім беру бөлімінің құжаттары қабылданған. Сөйтіп, мұрағатта жиналған негізгі қорлар саны 7924, сақтау бірлігін құрайтын 24 қор құжаттарына жетті. Алғашқы кезеңде мұрағатта 3 қор ғана болса, 1938 жылы 24 қорға жетіп, облыстың мұрағат қорының маңызы арта түсті. 1938 жылдың қазан айында облыстық мұрағат басқармасы КСРО Халық Ішкі істер Комиссариатының қарамағына берілді .

1946 жылы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің ішкі істер басқармасы болып өзгеруіне байланысты мұрағат басқармасы қайтадан бөлім болды, осыған орай облыстық мұрағат директоры қызметі енгізіліп, мұрағат бөлімінің штаттық кестесі 10 қызметкерге дейін өсірілді.

1960 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен мұрағаттар Ішкі Істер басқармасынан Кеңестердің атқару комитетінің қарамағына беріліп, облыстық атқару комитеті жанындағы мұрағат бөлімі деп аталады.

Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 21 мамыр №409 қаулысына байланысты аудандық мұрағаттар жойылып, облыстық мұрағат бөлімшелері құрыла бастады. Шевченко, Маңғыстау аудандық мұрағаты негізінде Таушық бөлімшесі құрылды. 1968 жылы Мақат, Ембі, Қызылқоға аудандық мұрағаттарымен қатар Доссор бөлімшесі құрылды.

1973 жылы Маңғыстау облысының құрылуына байланысты Таушық бөлімшесі бөлініп 1068 қор құжаты шығарылды.

1986 жылғы Қазақ КСР Министрлер кеңесінің №248 қаулысына сәйкес, аудандарда жеке құрамдық құжаттарды сақтауға қабылдаушы шаруашылық есептегі мұрағаттар құрылды.

1991 жылы Гурьев қаласының Теңіз, Исатай аудандарыңың мұрағаттары құрылса, 1992 жылы Мақат ауданының, Махамбет аудандарында мұрағаттар құрылды.

1993 жылы Балықшы аудан мұрағаты және 1994 жылы Жылыой ауданы мен Қызылқоға аудандық мұрағаттары құрылып, қызмет атқара бастады.

Доссор бөлімшесі таратылып, құжаттары аудандарға берілді. 1995 жылы мұрағаттар басқармасы мұрағаттық бөлім болып қайта құрылды.

1997 жылы мұрағаттық бөлім жойылып, Балықшы ауданының таратылуына байланысты мұрағат құжаттары қалалық мұрағат құрамына берілді.

2000 жылы облыстық мұрағат ғимаратына күрделі жөндеу және қосымша құрылыс жүргізіліп қосымша 2 құжаттар қоймасы, оқу және көрме залдары, 5 жұмыс бөлмелері іске қосылды.

2000 жылы мұрағаттар және құжаттама басқармасы облыста қайта құрылды.

Атырау облысының әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы №250 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы» қаулысына сәйкес «Атырау облысы Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Атырау облысы Мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №410 қаулысына сәйкес «Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Атырау облысы мемлекеттік мұрағаты» ММ-сі «Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Атырау облысы мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.

Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы №65 қаулысына сәйкес «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы «14 » мамырдағы №96 «Кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысымен «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Атырау қалалық мемлекеттік архиві және Жылыой, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға. Мақат, Махамбет аудандық мемлекеттік архивтері коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Құрылым
Атырау облысы мемлекеттік архиві қызметкерлерінің тізімі

Аты-жөні Лауазымы Телефоны
1 Амиржанова Баянслу Рамазанқызы Атырау облысы мемлекеттік архиві басшысынын міндетін атқарушы 8(7122) 27-12-58, 32-21-41
2 Калимова Турсын Жумабековна Басшының орынбасары 8(7122) 32-10-88
3 Қаналиева Материя Исламғалиқызы ҚР Ұлттық архив қорын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің басшысы 8(7122) 32-25-99
4 Нұржанова Райхан Құсайынқызы Ұлттық архив қорын толықтыру және ведомстволық
архивтермен жұмыс бөлімінің басшысы
8(7122)27-01-57
5 Тастемирова Райса Кенжеғұлқызы Құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы 8(7122)32-27-12
6 Досжанова Рауан Түгелқызы Ақпараттық технология бөлімінің басшысы 8(7122) 32-11-86
7 Зинуллина Анаргуль Гаинуллақызы "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бөлімінің басшысы (Архивтіқ анықтамаларды беру үстелі) 8(7122)32-84-88
8 Бисенгалиева Манчук Утебаевна Шаруашылық меңгерушісі 8(7122)27-10-98
9 Умирзакова Гульфара Елеубаевна Бас есепшінің міндетін атқарушы 8(7122) 27-10-98

«Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің Атырау қалалық және аудандық филиалдары

Аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы

Байланыстар

   1    Ибрашев Жәнібек Ахотович «Атырау облысы мемлекеттік архиві»КММ-нің Атырау қалалық филиал басшысы 060007, Атырау қаласы, Махамбет Өтемісұлы к-сі, 120 В 8(7122)32-33-10, 32-47-12
oblarhiv-atyrau@mail.ru
   2    Мақсутова Гүлвира Амандосқызы «Атырау облысы мемлекеттік архиві»КММ-нің Жылыой аудандық филиал басшысы 060100, Атырау облысы,Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Рахметолла Қараманов к-сі, 35 8(71237)5-05-11
e-mail: zhloigosarhiv@mail.ru
   3    Игалиева Нұрлы Қуанқызы «Атырау облысы мемлекеттік архиві»КММ-нің Индер аудандық филиал басшысы 060200, Атырау облысы,Индер ауданы, Индербор поселкесі, Қонаев к-сі, 14 А 8(71234)2-09-92
e-mail: inderarchiv@mail.ru
   4    Ахмедьярова Жанаргүл Қырғиқызы «Атырау облысы мемлекеттік архиві»КММ-нің Исатай аудандық филиал басшысы 060300, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Елорда к-сі, 54 А 8(71231)7-92-13
e-mail: isatai_arhiv@mail.ru
   5    Калиева Гүлжеміс Ғатауқызы «Атырау облысы мемлекеттік архиві»КММ-нің Құрманғазы аудандық филиал басшысы 060400, Атырау облысы, Құрманғазы ауылы, Халит Испулаев к-сі, 2 үй 8(71233)2-00-93,2-07-53
e-mail: kurmangazy_arhiv@mail.tu
   6    Сапар Клара Кариполлақызы «Атырау облысы мемлекеттік архиві»КММ-нің Қызылқоға аудандық филиал басшысы 060500 Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Тайпақ Қарабалин к-сі, 41 8(71238) 2-16-90
e-mail: kizilkoga-arhiv@mail.ru
   7    Ермеков Болат Амангельдиевич «Атырау облысы мемлекеттік архиві»КММ-нің Мақат аудандық филиал басшысы 060004, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі, Шәли Ерекешов к-сі, 267 8(71239)2-13-02
e-mail: arhiv_dossor@mail.ru
   8    Мынбаев Басерат Салыкович «Атырау облысы мемлекеттік архиві»КММ-нің Махамбет аудандық филиал басшысы 060700 Атырау облысы,Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай к-сі, 5 8(71236) 2-17-28,2-11-66
email: makhambet_raiarhiv@mail.ru
background_img.png?_=1718086884