Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күніАтырау облысы мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған шара өтті.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Тәуелсіздік туралы көрмені құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Райса Кенжеғұлқызы таныстырды.
Тәуелсіздік күніне орай оқушылар тақпақтар мен патриоттық өлеңдер оқыды. №12 Ф.Досымова атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Есполова Анар сөз сөйлеп, архив ұжымына алғысын білдірді.
Балалар арасында еліміздің рәміздері талқыланып, «Біздің Қазақстан» атты суреттер көрсетілді.
Оқушыларға «Жастар Республиканың тәуелсіздігін қалай түсінеді?», «Олар әрқашанда Отанымызды қорғауға дайын бола алар ма еді?», «Қазақстанның болашағын қалай елестетеді?» деген сұрақтарға берген жауаптары ерекше болды.
Мұндай іс-шаралардың патриотизмді қалыптастыруда, өз еліне, Отанына деген құрмет сезімін оятудағы маңызы зор.
Қорытындылай келе, оқушылар көп нәрсені түсініп, саналарына құяды деп түсінеміз. Осындай шаралардан - дүние жүзіндегі әрбір адамда өз Отанын, халқын, елін сүюге деген сезім қалыптасады деп сенімдеміз.