Меню KDT
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ

Жаңалықтар

22 желтоқсан Архившілер күніне «Архивші – тарих сақтаушысы» атты шара өтті

         Атырау облысы мемлекеттік архиві  22 желтоқсан архившілер күніне «Архивші – тарих сақтаушысы» тақырыбымен  кәсіби мерекені атап өтті.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 874 қаулысымен мереке күндерінің күнтізбесіне “22 желтоқсан – Архившілер күні” енгізілуіне орай, жыл сайын тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ететін  архившілер күні атап өтілді.

      Архившілер күні кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға архив саласының мамандары, ардагерлер  қатысты.Архив саласы қызметкерлерін құттықтауға Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы қатысып,  мемлекетіміз үшін стратегиялық маңызы зор тарихты сақтайтын іргелі мекеме – архив болса,  сол архивтегі әр құнды құжатты мұқият жинақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ететін шын жанашырлары – архив қызметкерлері екендігі, тарихты қоғамдағы адамдар жасаса, оны қаттап, қағазға түсіріп, сақтайтын архив мамандары екендігін, өңір тарихын жіктеп, жинап - сақтауда архившілердің ерен  еңбектеріне ризашылық білдірілді.

        Архившілердің кәсіби мерекесі аясында Атырау облысы мемлекеттік архиві қор құжаттары негізінде «УАҚЫТ ТУДЫРҒАН ТҰЛҒАЛАР (Атырау өңірінен шыққан қайраткерлер)» өмірбаяндық анықтамалық  және «Облыс архивтеріндегі  жеке құрам құжаттарының орналасқан жері туралы» анықтамалықтардың таныстырылымы  өтті.

Сонымен қатар,  «УАҚЫТ ТУДЫРҒАН ТҰЛҒАЛАР (Атырау өңірінен шыққан қайраткерлер)» өмірбаяндық анықтамалығы негізінде «УАҚЫТ ТУДЫРҒАН ТҰЛҒАЛАР» көрмесі көрермендер назарына ұсынылды.

Салтанатты іс-шара барысында өз ісінің майталмандары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Архив ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Алғыс хатымен», Атырау облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Атырау облысы Цифрландыру және архивтер  басқармасының  «Алғыс хатымен» және  Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек Данқы» төсбелгісімен  – 20-ға жуық архивист марапатталды.





















22.12
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь