Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамашылығымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында 2025 жылы 19 қыркүйек күні Атырау облысы мемлекеттік архивінде мектеп оқушыларына, студенттерге «Ашық есік» күні ұйымдастырды.
Шараға қала мектептерінен №12, №21 және Атырау «Білім-Инновация» лицейі, Д.Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп лицейін және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттері, бұқаралық ақпарат құралдары, архив қызметкерлері қатысты.
Ашық есік күнін өткізудің мақсаты – архив қызметін насихаттаумен қатар, мектеп оқушыларына мәдени-рухани демалыс сыйлау, сонымен бірге өскелең жас ұрпақты патриотизмге, туған жердің тарихына, мәдениеті, салт-дәстүрлеріне деген ұлттық сана қалыптастыру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды.
Ұлттық сананы көтеруде архив қызметінің атқаратын рөлі, оның сақтап отырған құжаттары - тарихи сананы қалыптастыратын, жастарға - патриоттық, рухани тәрбие беретін маңызды құрал екенін түсіндіру.
Атырау облысы мемлекеттік архиві «Ашық есік» күнінің бағдарламасы негізінде «Архив ісінің маңызы» атты әр бөлімнің атқарып отырған жұмысы бойынша бөлім басшылары тақырыптық сабақ өткізіп, архив қызметінің түрлі бағыттары бойынша бөлім жұмысымен, құжат сақтау қоймаларына таныстыру саяхатын ұйымдастырды.
«Атырау қаласына 385 жыл» фотоқұжаттық көрме және «Руханияттың ордасы театр», «Қазақстанның Халық жазушысы Әбу Сарсенбаевтың туғанына 120 жыл» толуына орай көрмеге экскурсия жасалып, Ашық есік күнінің шеңберінде өңір тарихының рухани, мәдени және материалдық мұрасы болып табылатын бірегей архивтік құжаттар сақталған архив мекемесінің тыныс тіршілігімен оқушылар танысты.
Мектеп оқушыларына «Ұлттық салт-дәстүр түрлерінен не білеміз?», «Өңірдің тарихы, зиялы тұлғалары» викторина ұйымдастырылып, өңір тарихынан сұрақтар әзірленіп, Атырау өңірі тарихы, зиялы тұлғалары, батырлары туралы өздерін қызықтыратын, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды.