Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы Нәжімеденов Жұмекеннің 90 жылдығына арналған «Жұмекен жырлары - ғасыр үні» атты шара өтті
Атырау облысы мемлекеттік архиві ұлтымыздан шыққан ұлы тұлға, қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына ақынның туған жері Құрманғазы ауданында шара ұйымдастырды.
Құрманғазы ауданының Мәдениет үйінде өткен шарада алдымен архив деректері негізінде жеке тектік құжаттардан «Қошалақтан шыққан Қазақтың Жұмекені» атты көрме жасалып, көрерменге таныстырылып, «Жұмекен жырлары ғасыр үні» атты конференциямен жалғасын тапты.
Қазақ әдебиетінің қабырғалы қалам-гері, Мемлекеттік сыйлық-тың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің алуан қырлы шығармашылығы туралы, халқына қалдырған мұрасы жөнінде Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сайпулла Жұмабайұлы Сапанов, поэзия-дағы отты жырларымен бірге прозадағы елеулі еңбегі де бір бөлек дара дарын иесі туралы ҚР Журналистер Одағы мүшесі, Құрманғазы ауданы Қошалақ ауылдық кітапхананың кітапханашысы Жанизин Есмұхан Долайұлы, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Бибігүл Сейілханқызы Хайыржанова, Атырау облысы мемлекеттік архивінің басшысының орынбасары Тұрсын Жұмабекқызы Қалимова баяндама жасады.
Шараға аудан әкімшілігі қолдау білдіріп, тұлғаларын дәріптей білетін ақынның туған жері қастерлі Құрманғазы ауданында өткізуді ұйымдастырды. Шараға аудан тұрғындары, мектеп оқушылары қатысты.


