«Атырау облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Құрманғазы аудандық филиалында ведомоствалық мекемелер архивистерімен семинар өтті.
Атырау облысы мемлекеттік архиві ұйымдастырған шара түстен кейін «Архив ісі және құжаттаманы басқару. Архив саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді іс жүзінде пайдалану. Істер номенклатурасын жасау, істі қалыптастыру және сақтау, істер тізімдемелері мен сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актісін жасау тәртібі» атты семинарға жалғасты.
Семинарға «Атырау облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Құрманғазы аудандық филиалының дерек көзінде бар ведомоствалық мекемелер архивистері қатысып, күнделікті жұмыс барысына қатысты архив саласына қатыстынормативтік-құқықтық актілерді пайдалану жөніндегі, істер номенклатурасын жасау тәртібі, істі қалыптастыру және сақтау, істер тізімдемелері мен сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға байланысты актіні жасау тәртібі жөнінде кеңес алып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

